Жүздік санитарлық нұскаушысы мен отыздык санитарлық атқышының міндеттері және олардың жабдықталуы.

Санитарлық нұсқаушы - орта білімі бар сарбаз, майданньң жеке оку медициналық аламанында үш айлық курста арнайы дайындық алған. Ол жүздік сардарына, ал ішкі қызмет тәртібінде жүздік ата сарбазына бағынады. Арнайы мәселелер бойынша АМП бастығының нұскауларын орындайды. Әрбір жеке мотоатқыштық отыздық құрамында бip штаттан тыс атқыш санитар бар, ол, атқыш міндеттерімен қоса ұрыс даласынан жаралыларды iздey,бірінші медициналық көмек көрсету, жинау және алып шығуға қатысады. Атқыш-санитар да жеке қаруы мен жеке корғану құралдарынан басқа санитар сөмкесі бар.

Санитарлық нұсқаушының міндеттері:

Мотоатқыштық жүздік санитарлық нұскаушысы жүздіктін медициналық қамтамасыз етуін ұйымдастырады.

Ол міндетті:

· жүздіктің ұрыстағы міндетін және АМП орналасу орынын білу;

· жүздіктің орналасу және әскери қимылдар ауданына медициналық барлауды жүргізу;

· ауыр жаралылар мен науқастарға алғашкы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

· ұрыс даласынан (жаппай закымдану ошагынан) жаралыларды іздеуді, алып шығуды ұйымдастыру, оларды АМП-га эвакуациялау шараларын жургізу;

· науқастарды анықтау,оларға алғашқы медициналық көмек көрсету және жүздік сардары руқсатымен оларды АМП немесе ММП (бр) жіберу;

· арнайы тазалау кезінде жеке курамның кауіпсіздік шараларын орындауын бақылау;

· бактериологиялық заттармен зақымданған кезде медициналық кызметтің жоғарғы бастығының нұқсауымен шұғыл профилактика жүргізу, радиоактивті закымдануға ұшырағандарды бақылау;

· жаралану және науқастану кезінде жүзіктің жеке құрамын өзіне және бip-бipiнe көмек көрсету тәсілдеріне үйрету;

· жүздік сардарына және АМП жаралылар және науқастар саны мен жүздіктін медициналық жабдықталуын ұйымдастыруға қажетті көмек туралы баяндау.

Осы міндеттерді орындау ушін санитарлық нұсқаушыда келесі жабдықтар бар: медициналық әскери сумка, носилкелік лямка, "Қызыл Крест" және "Қызыл жарты _ай" белгісі. Бұдан басқа жүздік санитарлық нұсқаушысында әрбір сарбаз бен аға сарбазға тиісті жалпы әскери жабдықтау құралдары (жеке қару, противогаз, кішкене сапер күрегі, каска, кұты (фляга), жалпы әскери қорғану комплектісі жіне т.б.) болады. Сонымен қатар жаралылар ұясын белгілеу үшін арнайы белгілер мен радиодатчиктер, түнгі қару құралдары, зақымданған әскери машиналар мен танктерге кіру үшін бронздітехехниканың сыртқы қақпақтарының кілті болу керек.



Санитарлық нұскаушы өз міндеттерін көп бөлігін соғыс барысында орындайды, ол жүздік сардарынығ маңайында жүруге міндетті, ал жаяу әскердің әскери машиналарьшдағы қимылдарда — жүздік сардарының машиналарында болуға міндетті. Сондықтан санитарлық нұсқаушы жұмысы жоғары шыдамдылықты, батылдықты,ептілікті,алғашкы медициналық көмек көрсете білүді, оны ұрыс даласында орындай алуды талап етеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО Қоғаныс Халық комиссары "Әскери санитарлар мен тасушыларды еңбек үшін өкіметтік наградаға ұсыну" тұралы 281-ші буйрығын 1941 жылы 23 тамызда жарыққа шығарды.


2618127439008502.html
2618159109865754.html
    PR.RU™